Құрылтай — 23 тамыз
USD
USD
USD

«Петропавл емес, Қызылжар». Жастар СҚО әкіміне петиция тапсырды

Жуырда Ресейде мемлекеттік дума депутаты Солтүстік Қазақстан жеріне қатысты мәлімдеме жасап, қоғам назарын аударған-ды. Содан бері мемлекеттік қызметкерлер, тарихшылар мен намысты жастар ресейлік шовинистердің сөзіне түрлі пікір білдірді. 

«Петропавл емес, Қызылжар». Жастар СҚО әкіміне петиция тапсырды
Фото: NEGE.kz

Петропавл, NEGE. Желідегі даудың бір бөлігі Солтүстіктегі қала атауларынан өрбиді. Осыны негізге алған «Намыс» жастар қозғалысының мүшелері Петропавлға арнайы барып, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Әргебайұлы Ақсақаловқа петиция тапсырды. Nege.kz тілшісі бастамашыл жастармен бірге барып, саяси талаптың куәсі болды.

Фото: Nege.kz

Петицияда Солтүстік Қазақстандағы кеңестік кезеңнен қалған қала атауларын ауыстыруды, бұрынғы Қызылжар, Ертіс сынды аттарды қайтару жазылған. Ішкі саясат басқармасының басшысы петицияны қабылдап, заң аясында жауап беретінін жеткізді.

Жастар одан өзге қаланың орталық көшелерінің бірімен мемлекеттік туды көтеріп, «Петропавл емес, Қызылжар», «Солтүстік Қазақстан – Қазақтың жері» деген баннер ұстап жүріп өтті.

Қазір оқып жатыр

Электр қуатының өшуі Қазақстанның оңтүстігіндегі энергожүйе үшін сынақ болды

Алматы

17 жыл бойы жасырынып жүрген «Кинг-Конг» 15 жылға сотталды

.

Мақта теріп, қой алған: Threads-те танымал болған оқушы кәсібін қалай бастады

Мал шаруашылығы

Қазақстанда жарықтың өшуі Қырғызстандағы ГЭС-тен басталды – KEGOC

тариф