USD
USD
USD

Петропавл әуежайы сатылымға шығарылды

Петропавл әуежайы кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға беріледі.

Петропавл әуежайы сатылымға шығарылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Тендер шарттарына сәйкес сенімгерлік басқару мерзімі үш жылды құрайды.

Инвестор сенімгерлік басқару шарты жасалған күннен бастап 10 жыл бойы әуежай қызметінің бейінін сақтауы, әуеайлақтың жарамдылық сертификатын сақтауы және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін сертификаттық талаптарды қамтамасыз етуі, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының нормалары мен талаптарының, күзетке қойылатын талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі шарт.

Шарттарда әрбір келесі жылдың басына аудиторлық есепті ұсына отырып, 10 жыл ішінде 1,5 млрд теңге сомасында инвестиция салу көрсетілген.

Әуежайдың мүлкі 5,6 млрд теңгеге бағаланды. Сауда-саттық 31 наурызда өтеді.

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық