USD
USD
USD

Петропавл: 700 жеке тұрғын үй сүрілуі керек

Биыл Петропавлда жоспар бойынша 700 жеке тұрғын үй сүрілуі тиіс. Жер учаскелері мемлекеттік қажеттілік үшін алынады.

Петропавл: 700 жеке тұрғын үй сүрілуі керек
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Петропавл қаласы әкімдігінің мәліметінше, бүгін аппарат кеңесінде тұрғын үйлерді бұзу бойынша жоспарланған жұмыстар талқыға түсті.

Жыл басынан мемлекеттік қажеттілік үшін 468 жер учаскесі және жылжымайтын мүлік иеліктен шығарылды. Жалпы биыл барлығы 700 тұрғын үйді бұзу жоспарланған.

Сүріліп жатқан жеке тұрғын үйлердің басым бөлігі ескірген. Олардың бұрынғы иелерінің 90% көпқабатты үйлерден пәтерлерді таңдады. Осылайша, 423 отбасы өздерінің тұрғын үй жағдайларын жақсартып отыр.

«Көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысын жүргізу үшін «Жас өркен» шағынауданының Горький-Алтынсарин-Позолотин, Горький-Исмайлов-Алтынсарин көшелері шекарасында, «Орталық» шағынауданының Брусиловский-Астана, «Копай» шағынауданының Жұмабаев- Крепостная көшелері шекарасында жеке тұрғын үйлер бұзылады. Жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізіліп жатыр», - делінген хабарламада.

Келер жылы Петропавлда бұл жұмыстар жалғасын таппақ. Жеке тұрғын үйлер құрылысты жандандыру үшін «Жас өркен», «Орталық», «Копай», «Береке» шағынаудандарында жалғасады.

Қазір оқып жатыр

Қазақстанда ескі көліктерді утилизациялау бағдарламасы қайта іске қосылмақ

утиль алымы

Қазақстанда тұрғын үйге сұраныс төмендегенімен, жаңа баспананың бағасы 14,6%-ға өскен

Баспана

2028 жылға қарай мектеп пен ЖОО түлектерінің 80%-ы ЖИ бойынша базалық дағдыларды меңгереді

Digital Qazaqstan

Қазақстан медицинасы бірыңғай цифрлық жүйеге көшеді

Сот-медициналық сарапшы