USD
USD
USD

Песков: Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына ресми шақырту алған жоқ

Ресей Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) қосылуға ресми шақырту алмаған. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді.

Дмитрий Песков
Фото: Ресей Президентінің Әкімшілігі

Астана, NEGE. «Ведомости» басылымына жауап берген Дмитрий Песковтің сөзінше, Ресейдің одаққа қосылуы орынды болмақ. Оның сөзінше, бұл мәселе Қазақстанмен байланыс барысында талқылануы мүмкін.

«Ресейдің Түркі мемлекеттері ұйымына қатысуына келсек, Ресейде тарихи шығу тегі жағынан түркі халықтары тұратын бірқатар өңір бар екенін білесіздер», – деді Песков.

Сонымен қатар ол ұйымға жекелеген өңірлер емес, тұтас Ресей Федерациясы қосылуы мүмкін екенін атап өтті.

Еске салайық, 30 қазан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде Ресейді ұйым құрамына қосуды ұсынған еді.

Мемлекет басшысының пікірінше, Ресейдің түркі әлемімен ғасырлар бойы қалыптасқан тығыз байланысы бар және оның ұйым жұмысына қатысуы барлық мүше мемлекетке пайдалы болмақ.

Қазір оқып жатыр

Орал қаласы әкімінің орынбасарына 648 мың теңге айыппұл салынды

Шенеунік

Қазақстанда мобильді аударымдарды тексеру шегі 1,5 миллион теңгеге дейін көтерілмек

Смартфон

Ақтауда соқырішекпен түскен баланы дер кезінде қарамады деп айыпталған хирург өз уәжін жеткізді

Қанат Исмаил

Павлодарлық кәсіпкер Икрам Нұрмашовтың қазасы: полиция не дейді?

Икрам Нұрмашов