USD
USD
USD

Перзидент: Билікте «отбасылық жүйе» жоқ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ұстаздардың Республикалық тамыз конференциясы өтіп жатыр.

Ақорда
Фото: Ақорда

Астана, NEGE. «Біз бір ел, бір халық болып, Әділетті, Таза әрі Қуатты Қазақстанды құрып жатырмыз. Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру үшін нақты реформаларды қолға алдық. Бұл – ауқымды әрі күрделі жұмыс. Бүгінге дейін біраз шаруа атқарылды. Елдегі саяси жүйе толық жаңғырды. Ұлттық экономиканың жаңа бағдары айқындалды. Қоғамымыз дамып, азаматтардың сана-сезімі өзгеруде.

Мемлекеттік қызметте меритократия қағидаты басты орынға шықты. Билікте де «отбасылық жүйе» жоқ. Азаматтарды қызметке тағайындау кезінде ең алдымен олардың білімі мен кәсіби білігі ескеріледі.

Қазір елімізде рухы азат, ойы еркін ұрпақ өсіп келеді. Заңды сыйлау, тәртіпке бағыну қоғамның мызғымас қағидасына айнала бастады. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан жаңа сипатты ел болу жолына бет бұрды.

Бірақ өзгерістерді жасау – бір бөлек болса, оны біржола орнықтыру – бір басқа мәселе. Ол үшін, ең алдымен, қоғам санасы түбегейлі жаңғыруы қажет. Осы ретте сіздерге, яғни ұстаздар қауымына зор жауапкершілік жүктеледі. Себебі, нағыз «Адал азамат» мектеп қабырғасында қалыптасады», – деді Тоқаев.

Қазір оқып жатыр

«Қара нарықтағы» құны 1,5 млрд теңге: есірткі өндірген 7 шетел азаматы сотталды

.

«Батамды бердім»: Мұхтар Жәкішев күйеу баласының ұлтын сынағандарға жауап берді

Мұхтар Жәкішев

ЕАЭО-ға мүше екі елдің нақты табысы төмендеген, оның ішінде Қазақстан да бар

Ақша

Негізгі ҰБТ басталғалы төрт аптада төрт жүздей ереже бұзушылық анықталған

ҰБТ