USD
USD
USD

Перзентханада ана мен бала көз жұмды

Өскемен қаласында перзентханада әйел мен нәресте көз жұмды.

Перзентханада ана мен бала көз жұмды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қазан айының ортасында Ана мен бала орталығында әйел мен нәресте көз жұмды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Орталық қызметкерлеріне қатысты абайсызда адам өліміне әкеп соққан кәсіби міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес басқа ақпараттар жария етілмейді. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда», - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ алдағы уақытта полицейлер аталған мекемеге жоспардан тыс тексеру өткізуді жоспарлап отыр.

Қазір оқып жатыр

Әпкесін отшашумен құттықтамақ болған Астана тұрғыны 5 тәулікке қамалды

отшашу

Непалдағы жойқын су тасқыны: қазақстандық турист іздестіріліп жатыр

су тасқыны

Құрылтай депутаттарына алтыннан емес, жезден әзірленген төсбелгі табысталды

Құрылтай төсбелгісі

АҚШ-та ұлттық қауіпсіздікке төнген ықтимал қатерге байланысты төтенше жағдай жарияланды

төтенше жағдай