USD
USD
USD

Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл: ІІМ қылмыстық іс қозғады

Ішкі істер министрлігі «Ақ жол» партиясының экс-төрағасы Азат Перуашевке қатысты жалған ақпараттың таралуына байланысты қылмыстық іс қозғады. 

Қазақтелеком
Фото: NEGE

Астана, NEGE.  Құрылтай отырысынан кейінгі брифингте ІІМ министрінің орынбасары Санжар Әділов аталған дерек бойынша 28 қыркүйекте сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталғанын мәлімдеді. Іс көрінеу жалған ақпарат тарату фактісі бойынша тіркелген.

«Қазір тиісті киберқылмысқа қарсы бөлімшелер жұмыс істеп жатыр. Олар биллингтер арқылы ақпаратты тексеріп, тиісті сайттардың иелерін анықтау бойынша шаралар жүргізуде. Бұдан бөлек, бірнеше арнайы сот-технологиялық және сот-техникалық сараптама тағайындалды. Тергеу Ішкі істер министрлігінің бақылауына алынды», – деді Санжар Әділов.

Вице-министр сөзінше, шабуылдардың нақты қайдан жасалғаны және оның артында кім тұрғанын айту әлі ерте. ІІМ интернет-ресурстардың иелерін анықтау бойынша белгілі бір жұмыстар атқарғанымен қазір сараптамалардың қорытындысын күтіп отыр.

Бұған дейін «Ақ жол» партиясының төрайымы Дания Еспаева Азат Перуашев туралы жалған жарияланымдардың Қазақстандағы интернет-басылымның сайт-клондарына шыққанына байланысты құқық қорғау органдарына жүгінгенін айтқан.

Сондай-ақ Еспаева партияның әлеуметтік желідегі ресурстарына DDoS-шабуылдар жасалып, мессенджерлер арқылы ақпараттық хабарламалар таратылғанын жеткізді. Оның айтуынша, бұл әрекеттер Қазақстаннан тыс жерлерден жасалып жатыр.

Айта кетейік, Перуашевке қатысты ақпараттық шабуыл NEGE редакциясын да айналып өтпеді. Күні кеше NEGE бас редакторы Аделаида Ауеспекова басылымның ресми Telegram-арнасына ұқсас клонның пайда болғанын хабарлады. Жалған арнада NEGE-нің жарияланымдары, дизайны мен бекітілген хабарламалары толықтай дерлік көшірілген. Алайда аталған арнада Азат Перуашевке қатысты жарияланған материалдарды NEGE редакциясы әзірлеп, таратпаған.

Оқырмандардан, әріптестерден және басқа БАҚ өкілдерінен NEGE атынан тараған ақпаратты бөліспес бұрын оның қай арнада және қай сайтта жарияланғанын мұқият тексеруді сұраймыз.

Қазір оқып жатыр

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

Әлішер Әбдіқадыров

Қазақстан-Қытай инвестициясы ел экономикасына қандай жаңа мүмкіндік береді?

Бауыржан Ысқақ

Храпуновтар Швейцарияда «толық ақталғанын» мәлімдеді. Алайда іс ескіру мерзіміне байланысты жабылған

Виктор Храпунов, Лейла Храпунова