USD
USD
USD

Перизат Қайраттың тағы бір заңсыз әрекеті әшкереленді

Қаржылық мониторинг агенттігі Еріктілер қозғалысының белсендісі Перизат Қайратқа қатысты тергеу фактісі бойынша жарияланған ақпаратқа қосымша ақпаратты жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қайрат
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталды.

2023 жылдың қараша айында Перизат Қайрат Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсету үшін қаражат жинауды ұйымдастырды. 2023 жылғы желтоқсанда осы ақша есебінен Перизат Қ. "Sensata Plaza" элиталық кешенінен 49 млн теңгеге үш бөлмелі пәтер және 30 млн теңгеге "Mercedes-Benz EQE 500 4 Matic" жаңа автокөлігін сатып алды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар қаражаттың бір бөлігі БАӘ-де "Rolex", "Prada" және "Fendi" брендтік бутиктерінен зергерлік бұйымдарды, сағаттар мен киімдерді сатып алуға жұмсалды.

Бұл эпизод бойынша Перизат Қайрат 200 млн теңгеден аса қаражатты жымқырды деген күдікке ілініп отыр. Тергеу жалғасып жатыр.

Қазір оқып жатыр

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар

Астанада қыз баланың үстіне құрылыс қоршауы құлады

Астанада баланың үстіне құлаған қаңылтыр

Шәкір Кейкин Атырау әкімі қызметінен кетті

Шәкір Кейкин