USD
USD
USD

Перизат Қайраттың соты ішінара жабық өтеді

Астана соты қоғамдық қайырымдылық қорының құрылтайшысы Перизат Қайраттың үстінен қозғалған қылмыстық іс бойынша сот отырысын өткізу форматына қатысты шешім қабылдады.  

Перизат Қайрат
Фото: инстаграмнан

Астана, NEGE. «Басты сот талқылауы жалпы тәртіппен ашық сот отырысында 2025 жылғы 14 шілдеде сағат 10.00-ге белгіленсін. Сотталушылардан жауап алу, олардың бүкіл сот талқылауы барысында түсініктеме беру, сондай-ақ құпия ақпаратты және банк құпиясын құрайтын материалдарды зерттеу кезінде сот талқылауының жариялылығы шектелсін», – деді судья Сабыржан Кәрімов.

Судья сотталушы Қайратқа қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын, сондай-ақ сотталушы Алашбаеваға қатысты істі сотта қарау мерзіміне үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасын сақтап, ұзартты.

«Қазақстанның Израильмен және Палестинамен халықаралық қатынастарына әсер етуі мүмкін мән-жайлар туралы өтінішке келсек. Айыптау актісіне сәйкес, мемлекеттер арасындағы әскери қақтығыстың мән-жайы көрсетілмеген, бұл бөлімде Қайратқа айып тағылмаған, ал сот істі тек айыптау қорытындысы аясында қарап жатыр.Осылайша, сот талқылауының жариялылығы жариялылық қағидаттарын сақтай отырып, заңмен қорғалатын мүдделерді қорғауға қажетті көлемде ғана шектеледі», – деп атап өтті судья.

Қазір оқып жатыр

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.

Атырауда шенеунік жұмбақ жағдайда көз жұмды

.