USD
USD
USD

Перизат Қайраттың ісі бойынша тергеу аяқталды

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов мәлімдеді. 

Перизат Қайрат
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. «Biz Birgemiz Kazakhstan» қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты жуырда сот басталады. 

«Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды. Қазіргі кезде материалдармен таныстыру процесі жүріп жатыр. Естеріңізде болса, қылмыстық істі тергеу барысында келтірілген шығын бойынша әртүрлі сома айтылған еді. Қазір 3,5 млрл теңге сомасындағы шығын анықталды», - деді Ж. Елемесов.

Іс бойынша бір ғана сотталушы емес. Одан бөлек анасы бар. Ол кісі үйқамақта отыр. Екеуі де күдікті ретінде танылды. Анасының үстінен «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалды.

Қазір оқып жатыр

Елдос Сметов ХХ жазғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Елдос Сметов

«Әскерилер өз қауіпсіздігіне сенімді болуы керек»: депутат сарбаздарға геолокациялық құрылғы беруді ұсынды

сот үкімі

Жеке деректерін қорғау әр азаматтың міндеті – ІІМ

Бизнес

Alatau City логистиканы, өнеркәсіпті және қалалық инфрақұрылымды дамыту үшін германиялық технологияларды тартады

Әлішер Әбдіқадыров