USD
USD
USD

Перизат Қайраттың ісі бойынша анасының да күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады

Жуырда қамауға алынған ерікті Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева да қаржы жымқырды деген күдікке ілінгені туралы ақпарат тарады. 

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Бұл туралы журналист Михаил Козачков өзінің Telegram каналында жариялады. 

«Бірер күн бұрын Алашбаева жымқыру бойынша күдікке ілінді. Тергеу мәліметі бойынша ол қазақстандықтардың көктемгі су тасқынына деп жинаған ақшаны қызына қолма-қол ақшаға айналдыруға көмектескен», - деп жазды журналист Михаил Козачков.

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваға айып тағылғанына қатысты ресми ақпарат шықпады. 

Естеріңізге салайық, Перизат Қайрат биылғы су тасқынынан зардап шеккендер үшін жиналған 1,5 млрд-тан астам қаржыны ұрлады деген күдікке ілінген. 

Қазір оқып жатыр

«Тентек» шахтасы кейінгі он жылда алғаш рет миллион тонна көмір өндірді

.

Qarmet пен Allur 500 жасты жұмыспен қамтуды жоспарлап отыр

Qarmet

Қазақстан дамудың жаңа кезеңіне қадам басты – Тоқаев

вице-президент

Жезқазған зиратында қабір басындағы топырақ опырылған: әкімшілік себебін түсіндірді

.