USD
USD
USD

Перизат Қайраттан тәркіленген тағы бір Mercedes сатылымға шығарылды

Қайырымдылыққа жиналған ақшаны жымқырғаны үшін сотталған Перизат Қайраттың тағы бір көлігі сатылымға шығарылды.

Перизат Қайрат
Фото: e-qazyna.kz

Астана, NEGE. Электронды сауда-саттық порталында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 2023 жылғы ақ түсті Mercedes-Benz EQE 500 4 matic маркалы көлігі сатылады. Бұл көлік бойынша аукцион 9 шілде сағат 10:00-ге белгіленген. 

Көлік  26 269 000 теңгеге бағаланған. Сатушы ретінде Астана қаласы мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті көрсетілген.

Хабарландыруда көліктің шанағы, нақтырақ айтқанда, сол жақ бөлігі зақымдалғаны атап өтілген. Бұл ретте көліктің техникалық жағдайын тексеру мүмкін емес екені ескертілген.

Сондай-ақ  оны мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына беруге ұсынылмайтыны, тек құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдар ғана өтінім бере алатыны айтылған.

Еске салсақ, Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаева қайырымдылық желеуімен жиналған 3,5 млрд теңгені жымқырды деп айыпталды. Сот шешімімен Перизат Қайрат 10 жылға, ал анасы 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотталғандар 50 азаматтық талап арыз бойынша 1,5 млрд теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Бұған дейін Перизат Қайраттың 2024 жылы шыққан қара түсті Mercedes-Benz S-450 автокөлігі сатылымға шығарылған болатын. Бұл көлік кейіннен Астана қалалық полиция департаментінің иелігіне өтті.

Қазір оқып жатыр

Үкімет резервінен Астанаға 16 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді: қаражат қайда жұмсалады?

Астана

Air Astana Біріккен Араб Әмірліктерімен әуе қатынасын уақытша тоқтатты

 Air Astana

Қатардың бұрынғы әмірі қайтыс болды: Тоқаев көңіл айтты

.

Ерлан Қожағапанов бостандыққа шықты

.