Перизат Қайрат ісі бойынша тараптардың жарыссөзі ертең жалғасады
Прокурор Арман Кезекен соттағы пікірталас кезінде айыпталушылардың жабық сот отырысында не айтқанына қысқаша ғана тоқталды.
Астана, NEGE. Оның сөзінше, Перизат Қайрат өзіне тағылған айыптарды мойындамаған және сотқа берген түсініктемесінде Палестина халқына көмек ретінде жиналған қаржыны қолма-қол алып кеткен. Ол оның себебін ақша банк аударымы арқылы жіберілсе, халықаралық заңнамаға сәйкес әскери жанжалға қаржылық қолдау көрсету ретінде бағалануы мүмкін еді деп түсіндірген.
Алайда прокурор: «Құрметті сот, бұл сапар кезінде айыпталушы БАӘ-де (Біріккен Араб Әмірліктері) қымбат заттар сатып алған», – деп атап өтті.
Сондай-ақ ол П.Қайраттың анасы Ғайни Алашбаеваның телефонынан табылған жазбаларды жариялады. Прокурордың сөзінше, бұл жазбалар күдікті ақшалай шығындардың нақты көрінісі:
«2023 жылғы 16 тамыздағы жазба (сөзбе-сөз):
– 37 млн теңге – көлік сатып алу,
– 5 млн теңге – тіс емдеу,
– 10 млн теңге – Түркияда емделу,
– 3 млн теңге – биологиялық белсенді қоспалар (БАД) ішу,
– 10 млн теңге – саяхаттау,
– 3 млн теңге – фэншуй,
– 1 млн теңге – бадзы оқу,
– 2 млн теңге – офлайн семинарлар мен саяхаттар,
– 3 млн теңге – киім,
– 3 млн теңге – бриллиантпен ақ алтын білезік».
Прокурордың айтуынша, Перизат Қайрат бұл шығындарды жабуға жеткілікті заңды табыс көзін көрсете алмаған. Ол тек Астана мен БАӘ-дегі пәтерлерді сатқанын және ет өнімдерін саудалағанын алға тартқанымен, бұл мәлімдемелерді дәлелдейтін құжаттарды сотқа ұсынбаған.
Қазір оқып жатыр
Қазақстандықтар Жан Байжанбаев бастаған бірнеше актерді қамауға алуды талап етті
«Тарихты жеңімпаздар жазады» деген қағидаттың ғылымға қарсы сипатын ұмытпаған жөн – Тоқаев
Ішкі рейстердің билеті арзандай ма? Экономист ҚҚС-ның әсерін түсіндірді
Sen Sulu бренді ресейлік блогер Валя Карнавалға қатысты хейтке жауап берді