USD
USD
USD

Перизат Қайрат қор құратын кезде құрылтайшылардың орнына қол қойған

Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов Biz Birgemiz қорының жетекшісі Перизат Қайратқа қатысты қылмыстық іс бойынша жаңа мәліметті жария етті.

Перизат Қайраттың анасы Ғайни Алашбаева
Фото: әлеуметтік желіден

Алматы, NEGE. Елемесовтің айтуынша, бұл аты шулы іске қатысты 100-ден астам том жинақталған. Оның мәліметінше, Перизат Қайрат Biz Birgemiz Qazaqstan 2030 қоғамдық бірлестігін тіркеу кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасап, жалған құжат тапсырған.

— Бұл деректі біз жедел-іздестіру шаралары арқылы өзіміз анықтадық. Кейін қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Қоғамдық ұйымды құру кезінде құрылтайшылардың қолдарын қолдан жасап, әуелден-ақ “инвесторларын” алдауды мақсат еткен, — деді ол Qoqam News бағдарламасында.

2024 жығы қарашада Қаржылық мониторинг агенттігі волонтерлік қозғалыс белсендісі және қайырымдылық қорының негізін қалаушы Перизат Қайратқа қатысты тергеу жүріп жатқанын мәлімдеген еді.

Ол және анасы көктемгі тасқыннан зардап шеккендер мен Палестина тұрғындарына арналған қайырымдылыққа жиналған 3,5 миллиард теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген. Бұл іске қатысты алдын ала сот тыңдауы 9 шілдеде Астанада басталды.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар