USD
USD
USD

Пепе әлем чемпионаттарында ойнаған жасы үлкен ойыншылар қатарына енді

Португалия құрамасының қорғаушысы Пепе әлем чемпионаттарына қатысқан жасы үлкен ойыншылар арасында үшінші орынға шықты, деп жазады Vesti.kz.

Пепе әлем чемпионаттарында ойнаған жасы үлкен ойыншылар қатарына енді
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Пепе 39 жас 275 күн дегенде Қатардағы мундиальда Уругвай командасына қарсы алаңға шықты. Ол сонымен қатар өз командасының сапында әлем чемпионаттарына барған ең жасы үлкен ойыншы ретінде рекорд орнатты.

Осыған дейін төрт жылда бір келетін футбол мерекелеріндегі рекорд Роже Миллге тиесілі. 1994 жылы АҚШ-та өткен мундиальда ол 42 жас 39 дегенде Камерун құрамасының сапында алаңға шықты. Ал Канада сапында осы жолы Атиба Хатчинсон 39 жас 292 күн дегенде алаңға шығып, жасы үлкен футболшылар арасында Миллден кейін екінші орынға тұрақтады.

Қазір оқып жатыр

Жәрдемақы алу тәртібі өзгереді: енді отбасының қарызы да есепке алынады

Көпбалалы аналар

Қамаудан босатқан күдіктіні қайта ұстаған: заң не дейді?

Заң

Ақтөбеде жер қойнауын пайдаланушылар 1,2 млрд теңге салық төлемеген

Салық

Құрылтайда жаңа депутаттық топ құрылды: оны Дана Медеуова басқарады

Дана Медеуова