USD
USD
USD

Пелоси корейаралық шекара аймағына барады

АҚШ Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси корейаралық шекара аймағына баруды жоспарлап отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Пелоси корейаралық шекара аймағына барады
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE  Қазір Азия елдерінде сапарда жүрген АҚШ конгресінің басшысы Нэнси Пелоси Тайваньға сапарынан кейін Оңтүстік Кореяға ұшып кетті. Оның ұшағы америкалық әскери Осан базасына қонды.

Оңтүстік Кореяға екі күндік сапарында Пелоси 1953 жылы соғыс аяқталып, корейаралық бітімге қол қойылған Пханмунджом ауылына барады. Шекара аймағы АҚШ БҰҰ қолбасшылығы мен Солтүстік Кореяның бірлескен бақылауында.

Егер сапар сәтті болса, ол Біріккен қауіпсіздік аймағына барған АҚШ-тың екінші жоғары лауазымды шенеунігі болады. 2019 жылы Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ынмен кездесуге барған бұрынғы президент Дональд Трамп аймаққа барған алғашқы АҚШ шенеунігі.

Сонымен қатар, Пелоси Оңтүстік Корея Ұлттық ассамблеясының спикері Ким Джин Пемен кездесіп, КХДР тарапынан қауіптердің күшеюіне алаңдаушылық білдірді.

Сондай-ақ, ол қазір демалыста жүрген Корея президенті Юн Сок Елмен телефон арқылы сөйлеседі деп жоспарланған.

Қазір оқып жатыр

Әлеуметтік тұрғын үйге бөлінген 101 млн теңгені жымқырған: Алматы облысында үш адам сотталды

блогер соты

Түркістан облысындағы ауылдарда сел жүріп, тұрғын үйлер мен қора-жайларды су басты

Сел

Ресейден 2,1 млн вакцина жеткізілмек: Қазақстанда тұмауға қарсы екпе басталды

Дәрігер

Лауазымды адамдар «Семей орманында» ағашты заңсыз кесу схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінді

Ағаш тиеген жүк көлігі