USD
USD
USD

«Педагогті қорғау» телеграм чаты іске қосылды

Педагогтерді қызметіне тән емес жұмыстарға тартуды және есептілікті азайту бойынша шараларды іске асыру туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Білім саласында сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дауенов баяндама оқыды.

«Педагогті қорғау» телеграм чаты іске қосылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Әр педагогтің құқығын қорғау мақсатында арыз-шағымдарды қабылдайтын қосымша «Педагогті қорғау» телеграм чаты өз жұмысын бастайды. Чатқа келген ақпарат, комитеттің және аумақтық департаменттердің тікелей бақылауында болады.

Осы мәселе бойынша өңірлердегі жағдайға объективті бағалау мақсатында мұғалімдер арасында арнайы анонимді электронды сауалнама жүргізіледі. Сауалнама сілтемесі телеграм чатта жарияланады»,- деді Ернұр Дәуенов.

«Педагогті қорғау» чаты - мұғалімдердің құқығын қорғауға арналады. Әрбір өтінішке Білім саласында сапаны бақылау мен оның аумақтық департаменттерімен кері байланыс беріледі. 

Чат таңғы 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс  істейді. Чатқа өту сілтемесі мұнда.

Қазір оқып жатыр

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері