Педагогтардың жұмыс жүктемесі жеңілдейді
ҚР БҒМ Педагог өзіне тікелей қатысты жұмыстармен ғана айналысуы керек. Бұл жөнінде Білім және ғылым министрі халық алдында есеп беру кездесуі барысында айтты.
Алматы, NEGE. Асхат Аймағамбетов педагог қызметі оқушылардың білім алу сапасына тікелей әсер ететінін жеткізді. Сондықтан ұстаз өзіне қатысы жоқ функцияларға алаңдамай, балалардың білім алу мен тәрбиесі жолында қызмет ететінін түсінуі керек. «Ұстазға түсер ауыртпалықты азайту мақсатында құжаттар саны қысқартылды. Мұғалім жыл сайын тек екі құжатты ғана толтыруы керек. Жалпы осы бағыттағы жұмыстарды түбегейлі қарастырып жатырмыз. Бұл мәселелер мектеп мұғалімдеріне ғана емес, мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне, колледж және жоғары оқу орындары ұстаздарына да қатысты» деді министр.