USD
USD
USD

Педагогтардың 90 пайызы вакцина алды

Қазақстанда педагогтардың 90 пайызы коронавирусқа қарсы вакцина алды.

Педагогтардың 90 пайызы вакцина алды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қазақстанда педагогтардың 90 %-ы коронавирусқа қарсы вакцина алды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрінің штаттан тыс кеңесшісі, Нархоз университетінің президенті Мирас Дәуленов мәлім етті.

«Жоғары оқу орны қызметкерлері мен студенттердің вакцина алу шарты бар. Вакцина алған педагогтардың көрсеткішін 10 пайызға жеткізу міндеті тұр. Әрине бұл көрсеткішке медициналық тұрғыдан вакцина алуға болмайтын педагогтар кірмейді. Қазіргі вакцина алу үрдісі жақсы жүріп жатыр. Барлық өңірді қоса алғанда педагогтардың 90 пайызы вакцина алды. Студенттер мен оқытушылардың және оқушылар мен мұғалімдердің денсаулығын қорғау мақсатында вакцина алу маңызды», - деді Мирас Дәуленов.

Одан бөлек, дәріс кезінде студенттер мен оқытушылар маска тағу режімін сақтауы тиіс.

«Біз дәстүрлі оқу форматына көше отырып, эпидахуалды 2020 жылғы 16 наурыздағы жағдайға жеткізбеуіміз керек. Пандемия кезінде біраз қызмет цифрландырылды. Атап айтсақ, жатақханаға тұруға өтініш беру, түрлі анықтамалар және сол сияқты шаруаларды онлайн іске асыруға болады. ЖОО-ы пандемия кезіндегі тәжірибелерін тиімді қолдануы тиіс. Студенттерді дәстүрлі оқу форматына көшіруде Үкімет маңызды шара қабылдады деп ойлаймын. Дегенмен бұл қашықтан оқу форматы қысқарады деген сөз емес, керісінше қашықтан оқу сапалы білімге қолжетімділікті арттырады», - дейді ол.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар