USD
USD
USD

«Педагог мәртебесі туралы» заңның жаңалығы неде?

2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға өсіп, осылайша төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбекақысы екі есеге артады. 

«Педагог мәртебесі туралы» заңның жаңалығы неде?
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Халықаралық олимпиадалар, конкурстар мен спорттық жарыстардың жеңімпазын, жүлдегерін дайындаған ұстазға үш лауазымдық айлық мөлшерінде біржолғы сыйақы төлеу;

  •  «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» құрметті атағымен марапатталған педагогке 1000 еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (2019 жылы 2,5 миллион теңгеге тең) біржолғы төлем беру;

  • 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап мектеп мұғалімдері үшін нормативтік оқу жүктемесін 18 сағаттан 16 сағатқа дейін төмендету;

  • Магистр дәрежесі үшін он еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (25 250 теңге) қосымша ақы енгізу;

  • Тәлімгерлік үшін қосымша ақы енгізу;

  • Сынып жетекшілігі мен дәптер тексергені үшін екі есе мөлшерде қосымша ақы төлеу;

  • Біліктілік санаттары бойынша мектеп директорлары мен орынбасарларының жалақысын арттыру;

  • Әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру;

  • Ұстазды өз міндетіне жатпайтын жұмыстан босату; 

  • Педагогикалық шеберлігі үшін лауазымдық жалақыдан 30-50 процент аралығында жаңа қосымша ақы енгізу;

  • Мұғалімдердің балаларына тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдарға бірінші кезекте орын беру.

Қазір оқып жатыр

Конституциялық құндылықтардан жаңа этикаға дейін – Ерлан Қарин ішкі саясаттың негізгі бағыттарын айқындады

.

Қазақстанда тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері бір жылда 13,5% азайған

Пәтер кілті

Қазақстандықтар Қытай, Үндістан және бірнеше елде QR-кодпен төлем жасау мүмкіндігіне ие болмақ

QR-код

Қоғам белсендісі Санжар Боқаевтың ісі сотқа жетті

Санжар Боқаев