USD
USD
USD

Пайда жұқарды, бірақ қарыз қалың. Alatau City Bank үшін НЕГЕ уайымдай бастадық?

Биыл «Alatau City Bank» акционерлік қоғамының мемлекет алдындағы қарызы 825 миллиард теңгеге дейін азайды. Алайда алғашқы жарты жылдықтағы банктің қаржылық көрсеткіштері оның мемлекеттік қарызды тез арада қайтару мүмкіндігіне күмән туғызып отыр.

.
Фото: NEGE

Alatau City Bank осы жаз уақытында мемлекетке тағы 125,3 миллиард теңге қайтарған болатын. Бір қарағанда процесс қозғалған сияқты болып көрінгенмен, банктің 2026 жылдың алғашқы жартысындағы қаржылық есебіне қарасақ, сұрақтар көбейе түседі.

2025 жылдың соңында банк активтері 3,8 триллион теңгеге, ал меншікті капиталы 1,1 триллион теңгеге жеткен еді. Бірақ, биылғы жылдың алты айында банктің таза пайдасы шамамен 13 миллиард теңгеге ғана шығып отыр. Ал былтырғы осы кезеңдегі көрсеткіш шамамен 90 миллиард теңге болған.

ACB
Фото: NEGE

Банктің негізгі бизнесінде әлсіреу бар. 2025 жылдың бірінші жартысында банктің проценттік кірісі 215,7 миллиард теңге болса, биыл проценттік кіріс көрсеткіш 180,9 миллиард теңгеге дейін төмендеген. Яғни шамамен 35 миллиард теңге минуста. Ал комиссиялық кірістер 25,3 миллиард теңгеден 18,5 миллиард теңгеге дейін азайған.

Биылғы жылдың табысынан Alatau City Bank келесі жылы мемлекетке тағы 125 миллиард теңге қайтара ала ма? Ол акционер Вячеслав Кимнің тәбетіне де байланысты. Себебі, осы жазда ол мемлекетке 125 миллиард теңге борышты өтей тұрып, өзіне де дәл сондай көлемдегі дивиденд аударған еді. Сонда келесі жолы да ол мемлекеттік қарыз/өзіне дивиденд пропорциясын 50/50 принципімен ұстанса, банк капиталынан биылғыдай 250 миллиард теңгені шығарып алу қиын болады.

ACB
Фото: NEGE

Егер Alatau City Bank мемлекетке жыл сайын қазіргі сияқты 125 миллиард теңгеден қайтарса, қарызды толық жабуға тағы алты жылдан астам уақыт қажет. Жылына 150 миллиард теңгеден төлесе, шамамен бес жарым жыл. Ал жылына 200 миллиард теңгеге дейін көтерсе, төрт жыл шамасында құтылады.

825 миллиард теңге қарыз Alatau City Bank-тің 2025 жылдың соңындағы меншікті капиталының шамамен 74 пайызына тең. 2026 жылдың ортасында дивидендтер төленіп, мемлекеттік көмектің бір бөлігі қайтарылғаннан кейін банк капиталы азайғанын ескерсек, қазіргі көрсеткіш бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Сондықтан банк 825 миллиард теңгені бір күнде толық қайтара алмайды. Олай етсе, жұмысын жалғастыра алмай қалуы мүмкін.

Демек, ендігі кезек мемлекетте. Мемлекет қанша уақыт күте алады? Билік Вячеслав Кимге дивиденд алудан бұрын қарызды өтеуге басымдық бергізе ала ма?

2026 жылы Вячеслав Ким мемлекеттік қарызды приоритет ретінде таныған жоқ. 250 миллиард теңгенің жартысын борышты өтеуге берді де, қалғанын дивиденд ретінде алып алды.

Қазір оқып жатыр

Дания Еспаева: Депутаттардың жалақысы 600 мың теңгеден басталады

жаңа құрам

32 мың теңге беріп, 752 мың теңге талап еткен: депутат заңсыз несие берушілерді бақылауға шақырды

несие алу

Депутат туысының бизнесіне қатысты заңға дауыс бере ала ма?

Құрылтай брифингі

Фельдшер қазасы: Астанада қасбеті құлаған үйдің бұрынғы басқарушыларына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Ұлдана Мырзуан өлімі бойынша сот отырысы