USD
USD
USD

Павлодарлықтардың 500 млн теңге несиесі кешірілді

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы ең көп шешім облыс орталығында шығарылды. 

Павлодар облысы
Фото: ашық дереккөзден

Алматы, NEGE. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті дәрменсіз борышкерлермен жұмыс басқармасының бас маманы Жаслан Сержанов мәлім етті.

Бүгінде соттан тыс банкроттыққа 3900-ге жуық өтініш берілді, оның ішінде 517 жағдайда ғана оң ұйғарым берілді. 2024 жылдың сәуір айына дейін 500 миллион теңгеге жуық қаражат есептен шығарылды. Ал 140 адам өтініштерін кері қайтарып алды. Яғни, борышкер жұмысқа орналасып, төлеуге дайын азаматтар қатарына қайтадан қосылды деген сөз, – деп атап өтті Жаслан Сержанов.

Заңда көзделген кейбір шарттарға сәйкес келмеуіне байланысты 2900-ге жуық өтініш берушіге банкрот деп танылу рәсімінде бас тартылды.

Борышкерлерді банкрот деп тану туралы ең көп шешім Павлодар қаласында – 220, Екібастұзда – 189, Ақсу қаласында – 18, аудандардан – Павлодар ауданында 35 шешім шығарылды.

Қазір оқып жатыр

Елена Рыбакина алғаш рет әлемнің бірінші ракеткасы атанады

Рыбакина

Қоқыстан табылған нәресте өлімі: прокурор экс-полицейді өмір бойына соттауды сұрады

Пәкістандағы өрт

Alatau City мен оңтүстіккореялық компаниялар қаланың цифрлық егізінің пилоттық жобасын іске қосады

Alatau

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті