USD
USD
USD

Павлодарлықтар зейнеткерлік жасты төмендету бойынша митингіге қатысудан бас тартты

Павлодарлықтар зейнеткерлік жасты төмендету бойынша митингіге қатысудан бас тартты, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайты.

Павлодарлықтар зейнеткерлік жасты төмендету бойынша митингіге қатысудан бас тартты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEWS. «Павлодар қаласының әкімдігіне 2022 жылдың 29 тамызына белгіленген әйелдердің зейнет жасын ұлғайтудағы сәйкессіздікке қатысты митинг түріндегі бейбіт жиналысты өткізуден бас тартылғаны туралы хабарлама түсті», - діленген қала әкімдігінің мәліметінде.

Санкцияланған бейбіт митинг Павлодардағы Конституция алаңында өткізілуі керек еді. Акция Қазақстанның барлық қалаларында өтетіні туралы хабарланған болатын.

Жергілікті атқарушы орган митингілерді ұйымдастыру мен өткізудің арнайы тәртібі қолданылатынын, ол «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» Заңмен реттелетінін еске салды.

Жиналыстарды, митингілерді, шерулерді, пикеттер мен демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізудің белгіленген тәртібін бұзған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапқа тартылады.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт