USD
USD
USD

Павлодарлық ер адам айлығын тартып алған әйелінің үстінен шағым түсірген

Павлодарда ер адам айлығын алып үйіне келген соң оны әйеліне бергісі келмеген. Алайда ақша жұбайының қолына түскенін білген азамат оның үстінен шағымданып полицияға хабарласқан.

Павлодарлық ер адам айлығын тартып алған әйелінің үстінен шағым түсірген
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Полицейлер оқиға орнына барып, қандай жағдай болғанын анықтаған. Күйеуі әйелінен жасырса да ақша жұбайының қолына түсіп, қайта өзіне қайтара алмай қойған. 

"Күйеуі тапқан-таянғанын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған, ал әйелі бұл қаражатты отбасына бір нәрсе сатып алуды шешкен", - деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Полиция қызметкерлері ешкімді ұстамай, профилактикалық әңгіме жүргізіп, дауды басуға тырысқан.  Олар кеткенше жұбайлар арасындағы жанжал басылған.

 

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт