USD
USD
USD

Павлодарлық оқушылар қашықтан оқиды

Павлодар облысының қалаларындағы мектеп оқушылары қашықтан оқуға ауысады. COVID-19 жұқтыру дерегінің көбеюіне байланысты Павлодар, Екібастұз және Ақсу мектептері қашықтан оқытуға көшеді.

Павлодарлық оқушылар қашықтан оқиды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Карантиндік шараларды күшейту туралы қаулыларды облыс қалаларының бас санитар дәрігерлері қабылдады.

«7-31 желтоқсан аралығында Павлодар қаласының бастауыш, орта және орта базалық білім беру ұйымдарындағы оқу процесі қашықтық форматына ауыстырылады», – деді Павлодар бас мемлекеттік санитар дәрігері Александр Сафяников.

Сондай-ақ, балаларға арналған білім беру орталықтарының, үйірмелердің, мектептен тыс және қосымша білім беру объектілерінің күндізгі режимде жұмыс істеуіне тыйым салынады.

Александр Сафяниковтың айтуынша, осыған ұқсас шектеулер Екібастұз және Ақсу қалаларының білім беру мекемелерінде де енгізілген. Ақсу қаласының мектеп оқушылары 5 желтоқсаннан бастап қашықтан оқуға ауысады. 

Қазір оқып жатыр

Жанабылов пен жұбайы татуласты: сот істі тоқтатты

Ерболат Жанабылов

Қырғызстанда арнайы куәлігі жоқ блогерлерге діни уағыз айтуға тыйым салынды

Блогер

Астанадағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты іс прокурорға қайтарылды

 Меруерт Абаева

Қыркүйекте Қазақстанда жылдық инфляция 9,3%-ға дейін төмендеді

Тиындар