USD
USD
USD

Павлодарлық депутат қылмыс жасаған балаларға чип салуды ұсынды

Павлодарлық депутат Гүлжайна Дәрімова қылмыс жасайтын жасөспірімдерге чип салуды ұсынды.

Павлодарлық депутат қылмыс жасаған балаларға чип салуды ұсынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Осылайша полицейлер олардың кешке үйде отырған-отырмағанын тексере алады.

Депутат қылмыстық әрекет жасайтын жасөспірімдерді бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандармен салыстырды. Ол есепте тұратын балалар қауіпті болғандықтан, чиптеп, қоғамнан оқшаулау қажет екенін жеткізді. Даримова өзі де ана болғандықтан балалары үшін алаңдайтынын да айтты. 

– Балаларымызға қауіпті болса, неге далаға шығады? Үйде отырсын, кітап оқысын, кино көрсін, өмірді зерттесін. Ата-анасы тәрбиелесін, - дейді ол. 

Депутат мысал ретінде Павлодарда жасөспірімді ұрып-соғып, қорлаған балаларды атады. Оған бір топ бала түкіріп, мұрнын сындырып, жалаңаштап, кейін аяусыз ұрып соққан еді. Енді сол бұзақылардың ата-аналары қоқан-лоққы көріп, балаларын көшеге шығаруға қорқатындарын айтты. 

– Мұндай балаларды кешке үйде тексеру керек немесе олардың қайда екенін білу үшін оларға чип орнату керек. Мен оларға чипті тігіп тастар едім», – деді депутат әлеуметтік желіде.

Қазір оқып жатыр

Алматыда жүк көліктерінің жүргізушілерін ереуілге шақырған ер адам ұсталды

.

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты