USD
USD
USD

Павлодарлық әртіс балалар топ жарды

Нұр-Сұлтан қаласында «Qazaqstan» орталық концерт залында республикалық «Тәуелсіз елдің ұланы» атты фестиваль-байқауы өтті.

Павлодарлық әртіс балалар топ жарды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, байқауға Тараз, Алматы, Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Атырау, Ақтау, Жезқазған және Павлодар қалаларының жалпы білім беретін мектептерінің балалар мен жасөспірімдер орталықтарының шығармашылық ұжымдары қатысқан.

«Театр номинациясы бойынша Павлодар қаласының № 35 ЖОМ «Айналайын» үйірмесінің мектеп театры бақ сынады. Павлодарлық жас театр құрамында 5-6 сыныптың 12 оқушысы бар. Олар Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған «Жойылсын жалғыз сөз «соғыс» деген» әдеби-музыкалық композициясын ұсынды. Композиция сценарийін үйірме жетекшісі Сахыпжамал Оразкенова және бастауыш сынып мұғалімі құрастырды. «Байқау шарты бойынша жас әртістер 20 минут ішінде көрермендерге мектеп бітіру кешінен майданға аттанғаны, шайқас алаңында жолдастарын жоғалтатындығы туралы қойылым көрсетті, – деді білім беру бөлімінде.

Байқау қорытындысы бойынша павлодарлық театр қазылар алқасының жоғары бағасына ие болып, фестиваль-байқаудың гран-приін жеңіп алды.

Театр кубокпен марапатталып, барлық қатысушыларға диплом және медаль табысталды. Үйірме жетекшісі – алғыс хатпен марапатталды.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен