USD
USD
USD

Павлодарлық ұстаз бейімдеу дене тәрбиесі жаттығулары үшін арнайы доп пен әдістеме құрастырды

Павлодар технологиялық колледжінің дене тәрбиесі мұғалімі Жанбота Қайролла бейімдеу дене тәрбиесі жаттығулары үшін арнайы доп пен әдістеме құрастырды.

Павлодар
Фото: gov.kz

Алматы, NEGE. Оның бұл өнертабысы ерекше қажеттіліктері бар студенттерге арналған және қазірдің өзінде тәжірибе жүзінде қолданылып келеді.

Жаңа спорт құралын жасау идеясы балаларды бақылау кезінде туады: қарапайым доп балалардың назарында тұрақты қалмайды, ал, ұстауға ыңғайлы және дыбыс шығаратын доп оқушылардың қызығушылықтарын тудырған. Нәтижесінде бірнеше функцияны атқаратын доп жасап шығарылды. Салмақ қосу үшін оған құм қапшығы салынып, дыбыстық қабылдау үшін қоңыраушалар ілініп, ұстауға ыңғайлы болуы үшін жұмсақ қаптама кигізілді.

Павлодар
Фото: gov.kz

Бұл құралды қолдану оң нәтиже беріп үлгерді: студенттердің іс-қимылдарының үйлесімі, тұрақтылығы жақсарып, өз-өздеріне деген сенімі артқан.

Тәжірибе негізінде педагог ойын және бейімдеу жаттығулары енгізілген арнайы әдістеме құрастырды. Әріптестерімен бірге ол «Техникалық және кәсіби білім беру ұйымдарының инклюзия топтарындағы дене тәрбиесі» оқу құралын әзірледі. Құралда түрлі мамандықтар үшін бейімделген жұмыс бағдарламалары, сабақ жоспарлары және жаттығулар кешені бар. Мысалы, болашақ аспаздар мен кондитерлер үшін қолдардың шыдамдылығы мен ептілігін, ал, тігіншілер үшін – ұсақ моторика мен дене сымбатын сақтауға арналған жаттығулар ұсынылған.
Дене тәрбиесінің оқу-практикалық орталығының оң рецензиясын алған оқу құралы екі тілде басып шығарылып, педагогтардың пайдалануына берілді.
Сонымен бірге, Жанбота Қайролла бейімдеу дене тәрбиесі бойынша тәжіибелік материалдарын бөлісетін қазақ тіліндегі YouTube арнасын жүргізеді. Бұл ресурс ұстаздардың да, ата-аналардың арасында да аса танымал.

Павлодар
Фото: gov.kz

«Инклюзивті білім беру — бұл әр оқушының өз әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін орта құру», — дейді педагог.
Павлодарлық ұстаздың өнертабысы педагогикалық бастама мен кәсібиліктің инклюзивті білім беруді дамытып, барлық білім алушылардың мүмкіндіктерін арттыруының жарқын мысалы болды.

Қазір оқып жатыр

Туризм министрлігі күтіп алмаған америкалық блогерді Баян Алагөзова қонақ етті

Баян Алагөзова, Коннор Кампиргини

Семей қаласында ер адамдар балалардың көзінше арыстандарға тас лақтырған

Семей

Аула темір қақпамен жабылып, көлікке толы болған: Астанадағы өрттің мән-жайы айтылды

Өрт сөндіру

Жанбыршин өзін әлеуметтік желіде сынағандарды Жаңаөзенге шақырды

Депутат