USD
USD
USD

Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды ұрып-соққан қылмыстық топ ұсталды

Павлодарлық пансионатта мүгедектігі бар қарттарды ұрып-соққан, қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Зейнеткер
Фото: ғаламтордан

Алматы, NEGE. Облыстық прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Павлодарда қарт адамдарды азаптаумен және алаяқтық әрекеттермен айналысатын қылмыстық топ ұсталды.

Қалалық прокуратура полиция департаментімен бірлесіп, мүгедектігі бар зейнеткерлерді үнемі ұрып-соққан жеке пансионатты анықтады.

«Пансионат қызметкерлері 20 қарт адамның конституциялық құқықтарын өрескел бұзған (тамақтануды, қозғалысты шектеді, ұрып-соқты) және ұзақ уақыт бойы қайтыс болған адамдардың пәтерлерін жалға беріп келген», – делінген хабарламада.

Көрсетілген фактілер бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды. Оларды тергеп-тексеру ішкі істер органдарына тапсырылды.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді.

Қазір оқып жатыр

Алматыда аялдамада тұрған зейнеткерді аяусыз ұрып-соққан ер адамға үкім шықты

Аялдамада соққыға жыққан

ЖСДП бензин сапасын бақылауды күшейтуді ұсынды

бензин сапасы

ОСИ төрағалары бұрынғы басшыға тәуелді болып қалуы мүмкін – Смышляева

Екатерина Смышляева

«40 млн теңге материалдық сыйақы алған»: Көлік саласындағы екі шенеунік қамауға алынды

шенеунік ұсталды