USD
USD
USD

Павлодарлық «Ертіс» жеке инвесторларға берілді: жыл сайынғы инвестиция көлемі – 1,5 млрд теңге

Павлодарлық «Ертіс» футбол клубы ресми түрде басқарудың коммерциялық моделіне көшті. 

 «Ертіс» ойыншылары
Фото: ertis_fk/Instagram

Астана, NEGE. Облыстық әкімдіктің хабарлауынша, инвесторлар құрамына үш ұйым енді. Атап айтқанда, «Павлодар өзен порты» АҚ – 50%, «RR-CAPITAL» ЖШС – 25% және «Біріккен жеміс-көкөніс компаниясы» ЖШС – 25%.

«Кәсіби футбол тиімді басқаруды, серіктестермен жүйелі жұмысты, меншікті табыс көздерін және ұзақ мерзімді инвестицияларды талап етеді. Коммерцияландыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Сонымен қатар өңіріміз, жанкүйерлер және футболшылардың келесі буыны алдындағы нәтижеге деген жауапкершілікті арттырады», – деп атап өтті өңір басшысы Асайын Байханов.

Клубты инвесторларға беру алдында оның мүлкіне бағалау жүргізіліп, қажетті рәсімдер толық аяқталған. «Павлодар өзен порты» АҚ 2026 жылы клубты қолдау мақсатында демеушілік көмек ретінде 250 млн теңге бағыттаса, жыл соңына дейін тағы 250 млн теңге инвестициялауды жоспарлап отыр. Алдағы уақытта үш инвестор да «Ертісті» қаржыландыру, инфрақұрылымды, негізгі және жастар командаларын дамыту бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелер алады. Жыл сайынғы инвестиция көлемі кемінде 1,5 млрд теңге болады.

Айта кетейік, «Ертіс» өз тарихында бес рет – 1993, 1997, 1999, 2002 және 2003 жылдары Қазақстан чемпионы атанды. Сондай-ақ ел Кубогын жеңіп алды.

2024 жылы «Ертіс» Екінші лигада өнер көрсетіп, кәсіби футболға қайта оралды. Келесі маусымда павлодарлықтар Бірінші лигада екінші орын алып, Премьер-лигаға жолдама жеңіп алды. Осылайша, екі жылдың ішінде клуб қайта жаңғыру кезеңінен өтіп, Қазақстан футболының жоғары дивизионына қайта оралды.

Қазір оқып жатыр

«Азық-түлік жинаудың қажеті жоқ»: министр «цифрлық апокалипсис» туралы

Түлік

Өрт сөндірушілердің жолын бөгеген көлік иелеріне айыппұл салынады

Өрт сөнідуші

Ақкенженов: «ЖЭО-лар қысқы жүктемеге шыдайды»

Жылу электр орталығы

Қазақстанда бензин бағасы 300 теңгеден асуы мүмкін бе: министр болжамға пікір білдірді

Бензин, дизель