USD
USD
USD

Павлодарға бет алған FlyArystan ұшағы Алматыға кері қайтты: рейстің тоқтау себебі белгілі болды

20 қазанда Алматыдан Павлодарға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы ұшып шыққан әуежайына кері оралды. Ал кері бағыттағы рейс тоқтатылды.

әуе рейсі
Фото: FlyArystan

Астана, NEGE. Компанияның хабарлауынша, FS-7131 рейсі Павлодар әуежайында әуе кемесін мұзға қарсы өңдеу жүргізу мүмкіндігі болмауына байланысты Алматыға қайтуға мәжбүр болған.

Ұшу барысында Павлодардағы ауа райы нашарлап, жауын-шашын жауады деп болжанған. Мұндай жағдайда, компания өкілдерінің түсіндіруінше, ұшу алдындағы дайындық кезінде әуе кемесі мұз басуға қарсы арнайы өңдеуден өтуі керек. 

Жауын-шашын кезінде және ауа температурасы нөл градусқа жуық болғанда ұшақ бетінде мұз, қырау немесе қар пайда болуы мүмкін. Бұл қанаттың аэродинамикалық қасиеттеріне кері әсер етеді. Ал мұз басуға қарсы арнайы сұйықтық әуе кемесінің бетіндегі мұзды, қырауды және қарды кетіріп, олардың қайта пайда болуының алдын алады. Ұшу қауіпсіздігі талаптарына сәйкес, мұндай ауа райы жағдайында тиісті өңдеуден өтпей ұшуға жол берілмейді. Осы себепті ұшақты Алматыға қайтару туралы шешім қабылданған.

Жолаушылар не істей алады?

FlyArystan келтірілген қолайсыздық үшін жолаушылардан кешірім сұрап, бос орын болған жағдайда билетті ең жақын рейске бір рет тегін қайта рәсімдеуге немесе билет құнын толық қайтарып алуға болатынын ескертті.

Әуе компаниясының мобильді қосымшасы немесе ресми сайты арқылы билет сатып алғандар оны «Менің сапарларым» бөлімінде өз бетінше өзгерте алады немесе қайтара алады. Ал билетті байланыс орталығы, үшінші тарап сервистері немесе туроператорлар арқылы алған жолаушылар билет сатып алған жеріне жүгінуі керек.

Сондай-ақ FlyArystan өкілдері брондау кезінде көрсетілген телефон нөмірлеріне тиісті хабарламалар жіберілгенін мәлімдеді.

Қазір оқып жатыр

«Коммуналка мемлекет мойнында емес»: депутат қызметтік пәтерінің шығынын айтты

коммуналка

Қазақстандық велоспортшылар V Азия Пара ойындарында ел қоржынына қос алтын салды

Пара велоспортшылар

Астанада кейбір тұрғын үйлерде жылу мен ыстық су уақытша өшіріледі

Астана

Тоқаев жаңа Жолдауын әзірлеп жатыр

Қасым-Жомарт Тоқаев