USD
USD
USD

«Павлодарэнерго» АҚ басшысы Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қызметінен босатылды

Екібастұзға жұмыс сапары кезінде ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр «Павлодарэнерго» АҚ бас директорының жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Павлодарэнерго» АҚ басшысы Роман Склярдың тапсырмасы бойынша қызметінен босатылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Бірінші кезекте Үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады. Алайда «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жауабы Роман Склярдың көңілінен шықпады. 

– Сіздің параметрлеріңіз адамдарға ештеңе айтпайды, тұрғындар үшін ең бастысы пәтерлерде жылы болуы керек. 65-66 градус температурада және дұрыс гидравликалық режимде пәтерлерде қалыпты температураға қол жеткізуге болады. Бұл айтып отырғаныңыз түкке жарамайды. Сіз тіпті, менің тапсырмаларымды орындамақ түгілі ештеңе түсіндіре алмайсыз, – деді Роман Скляр.

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Вадим Лесинге бүгін «Павлодарэнерго» АҚ акционерлерінен оны атқаратын қызметінен босатуды талап ететініне жеткізді. Біраз уақыттан кейін Роман Скляр «ОАЭК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Канмен телефон арқылы сөйлескен кезінде бұл мәселе түпкілікті шешілді.

Айта кетейік, Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапары аясында  қаланың әлеуметтік нысандарына барып, бірқатар кездесулер өткізеді.

Қазір оқып жатыр

Инвестицияның орнына 25 пайызбен $21 млн несие: Манка алтын кен орны төңірегінде дау шықты

Йылдырым

«37 іс бойынша тергеп-тексеру басталды»: Қорғаныс министрлігін тексерудің аралық қорытындысы айтылды

Ақтаудағы сарбаз өлімі

Криштиану Роналду Португалия құрамасындағы мансабын аяқтады

Криштиану Роналду

«Шетелдік жабдықты отандық өнім ретінде өткізген»: OrdaMed басшысы Грузиядан Қазақстанға жеткізілді

Күдіктіні экстрадициялау сәті