USD
USD
USD

Павлодардың бұрынғы әкімі қамауға алынды

Павлодардың бұрынғы әкімі Оразгелді Кайыргелдинов қамауға алынды, ол жемқорлық күдігіне ілікті.

Павлодардың бұрынғы әкімі қамауға алынды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Pavlodarnews.kz хабарлағандай, Қайыргелдиновті Павлодардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің адамдары ұстаған.

Ол облыс бюджеті есебінен 240 млн теңгеге бекітілген пайдалану талаптарына сай келмейтін нысанды заңсыз сатып алған. Оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу шешімі қолданылды. Тергеу жүріп жатыр, делінген хабарламада.

Баспасөзде Қайыргелдинов Баянауыл ауданының коммуналдық меншігіне пайдалануға жарамайтын аэродромды сатып алған деген мәліметтер жүр.

Оразгелді Қайыргелдинов 2016 – 2019 жылдары Баянауыл әкімі болған. Ал 2011 жылдан бастап 2014 жылға дейін Павлодар әкімі болған.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда құрылыс алаңында Қазақстан азаматы қаза тапты

Жұмысшы қазасы

Электромобильді қуаттағанда артық ақша төлемеу үшін желтоқсаннан бастап жаңа талап енгізілмек

Электромобиль

Астанада тәркіленген зәулім коттедж бос тұр: оны кімге береді?

sauda.e-qazyna.kz

Шетелдік әйел Қонаевта өзіне топтық зорлық жасалғанын мәлімдеді: күдіктілер ұсталды

әйел