USD
USD
USD

Павлодардан Ресейге жанармай цистерналарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды

ҚР Қаржы мониторингі агенттігі Павлодардан Ресейге жанармай құйылған төрт цистернаны заңсыз алып шықпақ болғандар туралы айтты.

Павлодардан Ресейге жанармай цистерналарын заңсыз өткізбек болғандар ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE.  "Павлодар облысында органикалық еріткіш атын жамылып Ресейге өткізбек болған төрт теміржол цистернасы дизельдік отынмен ұсталды", - делінген хабарламада.

Жамбыл облысында да жанар-жағармай құйылған цистерналар Қырғыз Республикасына әкетпек болған кезде ұсталған.

"Құжаттарда лакты кетіруге арналған еріткіш ретінде көрсетілген АИ-92 маркалы бензині бар бес теміржол цистернасы ұсталды. Тәркіленген жанар-жағармайдың жалпы сомасы шамамен 60 млн теңгені құрады", - деп хабарлады агенттік.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аясында жанар-жағармайдың шығу көздері мен оның айналымына қатысы бар тұлғалар анықталды.

Қазір оқып жатыр

Шымкентте қос мереке: «Ордабасы» ел чемпионы әрі кубок иегері атанды

Ордабасы

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт