USD
USD
USD

Павлодардағы өрт аумағы 6 есеге өсті

Білім ошағындағы өрт аумағы 6 есеге дейін ұлғайып, 1 220 шаршы метрді құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодардағы өрт аумағы 6 есеге өсті
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. «Қаладағы №28 орта мектептің бірінші корпусының екінші қабатынан өрт шықты. Оның аумағы 1 220 шаршы метр аумақты қамтып, бөлмелердің шатыры, жиһаздары өртенді», - деп хабарлады облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

Департамент мамандары өрттің 10.15-те тоқтатылғанын атап өтті. Төтенше оқиғаның шығу себебі анықталуда.

«Оқиға орнында төтенше жағдайлар департаментінен 70 қызметкер мен 13 техника, Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер мен 1 техника, жергілікті атқарушы органдардан 3 маман мен 3 автокөлік жұмыс істеді», - деп толықтырды ведомстводан.

Қазір оқып жатыр

Өзбекстан құрамасы Конгоға есе жіберіп, әлем чемпионатындағы ойынын аяқтады

Өзбекстан құрамасы

Жамбыл облысында 1 млрд теңгедей қаржыға салынған канал опырылып түсті

Қарақат каналы

Асу Алмабаев UFC турнирінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті

.

Ертісбаев ҚХП тізгінін Шоқановқа тапсырды

.