USD
USD
USD

Павлодардағы мектептің өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды

Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік өрт бақылау басқармасының басшысы Ерлан Төрегелдиев Павлодардағы мектеп өртінің неден шығуы мүмкінін екенін айтты.

Павлодардағы мектептің өртенуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Ол кешегі өрт фактісі бойынша материалдар әзірге тексеріліп жатқанын алға тартты. Төрегелдиевтің сөзінше, өрттің алдын-ала себебі - электр құралдарын, яғни стандартқа сай келмейтін электр ұзартқыштарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы. Бұл алдын-ала болжам ғана. Аталған өрт фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Қазіргі уақытта барлық білім беру нысандарының аумағына, қабатына қарамастан жоспарлы тексерулер жүріп жатыр. Яғни барлық объекті жоғары сын-қатер дәрежесіне жатады, сондықтан олар жиі тексеріледі. Бірінші жартыжылдыққа шамамен 8 мың нысан жоспарланған, олардың жартысынан көбі тексерілді. Мамыр айының соңы мен маусымның басында барлық тексерулердің нәтижесі халыққа жеткізіледі деп айтуға болады", - деді Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Қазір оқып жатыр

Әзілкеш Данияр Жұмәділов «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды

daniyar_dzhumadilov/Instagram

Меладзенің Алматыдағы концертінде шу шығарған әйелдер жазаланды

.

Семейде жүріп бара жатқан жолаушылар автобусы өртенді

өрт

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити