USD
USD
USD

Павлодарда жүз жыл бұрын салынған мешітке күрделі жөндеу жасалды

Қасиетті жұма күні Павлодар қаласындағы тарихи көне мешіттердің бірі – Бижан мешіті күрделі жөндеуден өтіп, жаңарып, кеңейтіліп, өз жамағатына есігін қайта  ашты, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Павлодарда жүз жыл бұрын салынған мешітке күрделі жөндеу жасалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша баспасөз қызметінің мәліметінше, салтанатты шараға Павлодар облысының бас имамы Жолдас Бертымұратов және  қаланың қадірлі ата-апалары, ардагерлер, мешіт жамағаты  қатысты.  Шара аталмыш мешіттің бас имамы Әбдісамат Айтқазыұлының қасиетті Құран аяттарын оқумен басталды. 

Күрделі жөндеуден өтіп, ұлғайтылған  Бижан  мешіті 200-ге жуық жамағат бір мезгілде намаз оқи алатын мүмкіндікпен қамтылған. Имамдар бөлмесі, әйелдер намаз оқитын және дәріс алатын, қызметшілер бөлмелері, сонымен қатар жамағаттың сырт киімдерін шешіп, арнайы дәрет алып, жуынатын  орындар қарастырылған, – дейді баспасөз хатшысы Амантай Тойшыбайұлы.

Айта кетерлігі, биыл жазда аталмыш ғибадатхананың ашылғанына 100 жыл толуына орай бұл айтулы дата облыс, республика көлемінде тиісті деңгейде аталып өтуіне дайындық басталған. Ол үшін мешіттің ішін әлі де безендіру, жамағат арасына әртүрлі көптеген діни-ағартушылық іс-шаралар ұйымдастыру жоспарлануда.

Бижан – мешіті алғаш осы өңірдің Бижан Шоқыбасұлы есімді сауатты кәсіпкер мецанеттің ұйымдастыруымен 1923 жылы қарағай  ағашымен салынып, 1991 жылға дейін кеңес үкіметі дәуірінде де үзіліссіз діни қызмет атқарып келген жалғыз мешіт. Мешіттің негізін қалаушы Бижан Шоқыбасұлы 1931 жылы  тұтқындалып, Ресейдің Қарасуық қаласында түрмеде қайтыс болған. Көп уақытқа дейін  Бижан есіміне тыйым  салынған, бірақ оның мейірімді есімі Бижан мешіті  деген атаумен халық жадында мәңгі сақталды.  

Ал 2005 жылы Павлодар қаласының тумасы, еліміздің жанашыры, патриоты болған Рахат Маруанұлы  өз қаражатының күшімен ескі  Бижан  мешітін қайта тұрғызып, жаңғыртып, елдің алғысына бөленген.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар