USD
USD
USD

Павлодарда жол бойында отырған ер адамды көлік қақты

Павлодарда көлік қаққан ер адам ауруханада көз жұмды. Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жүргізілуде.

Павлодарда жол бойында отырған ер адамды көлік қақты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 3 желтоқсан күні сағат 04.35-те Академик Сәтбаев көшесіндегі 35-ші үйге қарама-қарсы аумақта орын алған. - «Opel Astra» автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қауіпсіз қозғалыс жылдамдығын таңдамай, 1975 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып кетті. Ол жолдың жүру бөлігінде отырған. ЖКО салдарынан жаяу жүргінші алған жарақатынан ауруханада көз жұмды, - деді баспасөз қызметінде. Полиция қызметкерлері автокөлік арнайы айып тұрағына қойылғанын атап өтті.

Қазір оқып жатыр

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің аппаратын жеке мемлекеттік орган ретінде құрды

Халық Кеңесі

«Гүлдің бағасы маңызды емес»: министрлік 1 қыркүйекке қатысты ескерту жасады

.

Непалдағы су тасқынынан кейін үш қазақстандық турист табылмай жатыр

су тасқыны

Тоқаев ядролық державаларды келіссөзге шақырды

Қасым-Жомарт Тоқаев