USD
USD
USD

Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды

25 мамырда түн ортасында М. Жүсіп көшесінде жігіт пен қыз жанжалдасып, қыз жігіттің асқазанына пышақ сұғып алды. Осы қылмыстық іс бойынша бүгін сот үкімі шықты.

Павлодарда жігітті пышақтаған бойжеткен сотталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. 22 жастағы айыпталушы негізгі жазадан бөлек, мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды.

Мас күйде болған қыз жанжал кезінде ер адамның асқазанына пышақ сұғып алған. Жігіт ауруханаға түсті.

Қыз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабының бірінші бөлігі бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіргені үшін айыпталды.

- Сотталушы Павлодар қаласының прокурорымен кінәсін мойындау туралы мәміле түрінде келісім жасап, сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайды – мойындауын ескерді. Ол 4 жылға бас бостандығын шектеу түрінде жазаға кесілді, – деді Павлодар қаласының №2 сотында.

Бұдан бөлек, қыз қоғамдық орындарда жүз сағат мәжбүрлі еңбекке тартылатын болды. Нақты қай жерде жұмыс істейтінін жергілікті атқарушы органдар анықтайды.

Қазір оқып жатыр

Астанада жол ережесін 306 рет бұзған жүргізуші 10 тәулікке қамалды

Күдікті

«Самұрық-Қазына» басшысы Тоқаевқа 21 трлн теңге жұмсалатын жобалар туралы баяндады

"Самұрық-Қазына" қоры

Қазақстанда жұмыссыз қалғандарға берілетін әлеуметтік төлем мерзімі қысқармақ

Ақша

Алматыда Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй 12,8 млрд теңгеге сатылымға шығарылды

Қайрат Сатыбалдыға тиесілі болған қонақүй