USD
USD
USD

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда жедел жәрдемге жол бермеген жүргізуші жауапқа тартылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Павлодар қаласы полиция басқармасының кезекші бөліміне орталық қалалық ауруханадан жедел жәрдемнің қабылдау бөлмесіне кіру жолын жауып тұрған автокөлікті жолдан алып тастау туралы қоңырау түсті. Шақыруға келген патрульдік қызмет қызметкерлері автокөлік жүргізушісін анықтады.

Осы құқық бұзушылық үшін Toyota көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК-нің 601-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

Жыл басынан бері жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігін белгілеумен белгіленген талаптарды сақтамағаны үшін барлығы 8324 құқық бұзушы жауапқа тартылды. Автокөлік иелері көбінесе жедел жәрдемге жол бермей, қозғалыс ережелерін бұзып қана қоймай, жедел жәрдемнің қозғалысына және үйлердің аулаларына, медициналық мекемелерге кіруге кедергі келтіріп, біреудің жағдайына бей-жай қарайды.

Кептелісте бос тұрған жедел жәрдем көлігі науқасқа шұғыл көмек немесе жедел ауруханаға жатқызу қажет болған кезде құнды уақытты жоғалтады. Ережеге сәйкес көк түсті жарқылдауық маяктары мен арнайы дыбыстық сигналдары қосылған көлік құралдары жақындаған кезде жүргізуші осы және олармен бірге жүретін басқа да көлік құралдарының кедергісіз өтуін қамтамасыз ету үшін жол беруге міндетті.

Ол үшін ҚР ӘҚБтК-нің 598-бабы бойынша 7-ден 15 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл қарастырылған. 

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар