USD
USD
USD

Павлодарда ұлы ақынға ескерткіш орнатылады

Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай Павлодар қаласында ақынның мүсіні М.Катаев атындағы оқушылар сарайының жанынан ашылады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив істері басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов мәлімдеді.  

Павлодарда ұлы ақынға ескерткіш орнатылады
Фото: NEGE.kz

Абайдың ескерткіші орнатылатын жер облыстағы ардагерлер мен суретшілердің қатысуымен таңдалған. Мұндағы негізгі мақсат - оқушылардың санасына ақынның мұрасын сіңіру. Суретші соңғы эскиздерін бір айдың көлемінде ұсынады. Басқарма басшысының айтуынша, қалалық әкімдіктің шешімімен 2020 жылдың бюджетіне Абай көшесін абаттандыру жұмыстары енгізілген.

«Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер бойынша Мемлекеттік комиссия Абай Құнанбаевтың ескерткішінің эскизін бекітті», - деді Ернұр Дәуенов. 

Ескерткіш авторы Асқар Нартов орындаған Абайдың екінші мүсіні болмақ. Алғашқысы Қарағанды қаласына орнатылған.

Қазір оқып жатыр

Ақпарат министрі Аида Балаева Ботагөз Омарованың ісі жайлы не дейді?

.

Тоқаев Қазақстан халқын Наурыз мейрамымен құттықтады

.

Қазақстан журналистері Президентке үндеу жасады

журналистика

Таяу Шығыстағы соғыс: Тоқаев келіссөздерді Түркістанда өткізуді ұсынды

.