USD
USD
USD

Павлодарда сынаппен ластанған учаскелерді картографиялау талқыланды

«Павлодар қаласының солтүстік өнеркәсіптік аймағында тарихи сынаппен ластануды оңалту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысы» тақырыбында экологиялық кеңестің көшпелі отырысы өтті, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда сынаппен ластанған учаскелерді картографиялау талқыланды
Фото: NEGE.kz



Павлодар, NEGE. Облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, кеңес барысында сынаппен ластануды оңалту тұжырымдамасы іске асырылып жатқан нысандар тексерілді.

- Олардың бірі - №6 сорғыдан былқылдақ жинағышына дейінгі Батыс автожолдан сүзгіге қарсы перде құрылысы. Экологиялық кеңестің қатысушылары ол жерде жұмыстардың жүргізілу барысымен танысты. Іс-шараның басты мақсаты - Ертіс өзені мен Павлодар және Шаукен ауылдарының құдықтарына ластанған жер асты суларының түспеуі, - дейді басқармада. 

Солтүстік өнеркәсіптік аймағының аумағында сынаппен ластанған учаскелерді картографиялау мақсатында олардың конфигурациясы мен орналасуын анықтау бойынша жұмыстардың бірінші кезеңі таныстырылды. Бұл жұмыс үш кезеңнен тұрады. 

Жұмыстың нәтижесі ГАЖ технологиясы негізінде сынапты ластанудың деректер базасын құру болып табылады.

Сондай-ақ  экологиялық кеңес мүшелері сынапты иммобилизациялау жолымен сынаппен ластанған жер учаскелерінің сапасын жақсартуға байланысты ғылыми-зерттеу жұмыстарының далалық сынақтарының орнына барды. 

Уақыт өте келе аталған препараттың қосылуымен пайда болатын ерімейтін сынап кешендерінің тұрақтылығына климаттық тест жүргізу процедурасы ұсынылды. Бұдан басқа, экологиялық кеңес мүшелері сынап мониторингін жүзеге асыру шеңберінде бақылау ұңғымаларынан атмосфералық ауа мен жер асты суларының сынамаларын іріктеуге қатысты.

Тұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жалғасуда.

Қазір оқып жатыр

Астанада Көші-қон қызметі басқармасының бұрынғы басшысына қатысты тергеу жүріп жатыр

Ербол Махметов

Фельдшердің өлімі: сарапшы үйдің фасадының құлауына жобалық қателік себеп болғанын айтты

Вероника Лобаева

Алматыдан Лондонға бет алған Air Astana ұшағы Франкфуртқа қонуға мәжбүр болды

 Air Astana

Шымкентте дрон заңсыз қоқыс төккен КамАЗ жүргізушісін әшкереледі

белгіленбеген орынға қоқыс төккен