USD
USD
USD

Павлодарда саяжайда өрт шықты

Саяжай учаскесі мен құрғақ шөп жануда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда саяжайда өрт шықты
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, сағат 15:19-да Павлодар қаласындағы «Яблонка» бақшасында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен. 

Өртті жою үшін шақыру орнына департаменттің күштері мен құралдары (33 қызметкер, 7 техника) жіберілді.

- Шақыру орнына жеткенде саяжайлар мен құрғақ шөп жанып жатқаны анықталды. Өрттің аумағы шамамен 6 гектарды құрайды, - деді департаментте. 

Сондай-ақ өртті сөндіруге Павлодар орман шаруашылығының күштері мен құралдары (7 жұмысшы, 2 бірлік техника) қатысуда. 

Өрт сағат 16:50 кезінде оқшауланған. Алайда, әлі толық сөндірілген жоқ. 

Қазір оқып жатыр

Face ID жүйесіне қарсы шыққандарды полиция алып кеткен: басқарма не дейді?

Face ID

Тоқаевтың кітабы әлеуметтік желілерде қызу талқы тудырды: қазақстандықтар не дейді?

Кітап

Жетісу облысында оқушы қызды экскаватор қағып кетті

Эксковатор дөңгелегі

«Қолында суық қару болды»: Қостанайда футболшыға шабуыл жасалды

Пап-Алиун Ндиайе