USD
USD
USD

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда продюсер мен рэперден есірткі табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметкерлері есірткі таратты деген күдікпен екі азаматты ұстады. Елорда тұрғындары заңсыз интернет-дүкеннің мүддесі үшін тыйым салынған заттарды жеткізгендері, Павлодар қаласына заңсыз қашықтан есірткі сатқаны анықталды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 28 жастағы рэпер ұсталды, оның тұрғылықты жерін тінту кезінде құрамында каннабис бар байлам және телефон табылды. 27 жастағы ер адамға тиесілі студияны тінту кезінде жазбалар мен өсімдік тектес есірткі құралдары, тауарды буып-түюге арналған электронды таразы мен ноутбук табылды, – деді Болат Нұрсейітов Павлодар облысы ПД бастығының орынбасары.

Полиция бұл факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодекстің 297-бабы 3-бөлігі (Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатында заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау, жөнелту не өткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Кореяда Alatau City-де ірі жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланды

Alatau City бойынша келіссөздер

«Біз одан шарап ішеміз»: Кенесарының бас сүйегі туралы айтқан қырғыз студенттері кешірім сұрады

Қырғызстандық студенттер

Жанжал кезінде газ тапаншасынан оқ атқан Астана тұрғыны 5 жылға сотталды

тапанша

Іле-Балқаш резерватына бір үйір құлан жіберілді

Іле-Балқаш резерватына жіберілген құландар