USD
USD
USD

Павлодарда полиция қызметкерінің мәйіті табылды

Павлодарда тұрғын үйлердің бірінің кіреберісінен өзіне-өзі қол жұмсаған полиция қызметкерінің мәйіті табылды.

Павлодарда полиция қызметкерінің мәйіті табылды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Полиция мәліметіне сүйенсек, 5 сәуірде Павлодар облысы ПД қызметкерінің өзін-өзі өлтіру дерегі бойынша шақырту түскен.

"Факт тіркеліп, ҚР ҚК-ның 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мән-жайлар мен себептер анықталып жатыр. Бұдан бөлек қызметтік тергеу жүргізіледі", - деді Павлодар облысы ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров брифингте.

Полицияда тергеу мүддесіне сәйкес басқа ақпарат жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Расталмаған мәліметке сүйенсек, марқұм 37 жастағы подполковник болған.

Айта кетейік, оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу "Жәбірленушінің адамдық қадір-қасиетін қорқыту, қатыгездік немесе жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге немесе өзін-өзі өлтіруге жеткізу" бабы бойынша жүргізіледі. Баптың санкциялары үш жылдан бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Қазір оқып жатыр

Қостанай облысында колледждің 45 студенті оқудан шығарылып, директоры жұмыстан босатылды

Қазақстан агротехникалық колледжі

Гаухар Қаппарова Хорватияның Алматыдағы құрметті консулы болып тағайындалды

Гаухар Қаппарова

Қазақстан-Қырғызстан шекарасындағы өткізу бекетінің бірі алты айға жабылады

Өткізу бекеті

Жетісу облысында полицейлер жүк көлігіндегі 38 жылқыны тірідей жанып кетуден құтқарып қалды

Полицейдің жылқыларды құтқару сәті