USD
USD
USD

Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шығарылды

Шенеунік алған параның 20 еселенген сомасын қайтару қажет, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодарда пара алған әкімдік қызметкеріне қатысты үкім шығарылды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Павлодар қаласының № 2 сотында  қалалық жер қатынастары бөлімінің бас маманына қатысты қылмыстық іс қаралды.

Ол тамыз айында Павлодар көшелерінің бірінде орналасқан тұрақтың қасында тұрғыннан ақшалай пара алған. Іс материалдары бойынша пара берген адам өзінің анасына әкімшілік іс бойынша айыппұлдың орнына ескерту түріндегі әкімшілік жазаға ауыстыру мақсатында шенеунікке 50 мың теңге көлеміндегі ақшалай пара берген.

Қылмыстық іс сотқа дейінгі жеделдетілген тергеп-тексеру тәртібінде қаралды. Прокурор мемлекеттік қызметшіге параның жиырма еселенген сомасында, яғни бір миллион  теңге айыппұл салуды сұрады.

Сотта шенеунік өз кінәсін мойындап, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындауды сұраған.

–        Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды және айыпталушының өз кінәсін толық мойындағанын ескере отырып, ер адамға қатысты мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру және параның жиырма еселенген сомасы мөлшерінде, яғни 1 000 000 теңге айыппұл ретіндегі жаза тағайындалды,– деді Павлодар қаласы № 2 сотының баспасөз қызметінде.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Оңтүстік Корея президенті генерал Хон Бом Доның сүйегін қайтарғаны үшін Қазақстанға алғыс айтты

 Қасым-Жомарт Тоқаев, Ли Чжэ Мён

Мәслихат төрағасы жиналыс үстінде темекі тартқаны үшін жауапқа тартылды

Қанат Саққұлов

Астананың 55 жастағы тұрғыны әйелін пышақтап, артынша өзіне қол жұмсады

Пышақ жарақаты

Ақтөбедегі «Жайсан» өткізу бекетінде 160 көліктің жиналып қалу себебі айтылды

«Жайсан» өткізу бекетіндегі кептеліс