USD
USD
USD

Павлодарда өз Илон Масктерін оқытпақшы

«Kazdream» компаниясының бас директоры Дәурен Төлебаев «+1 Илон Маск» жобасы туралы айтты, деп хабарлайды 

Павлодарда өз Илон Масктерін оқытпақшы
Фото: NEGE.kz

@Pavlodarnews.kz.

Павлодар, NEGE. Бұл жобаны облыс әкімі Әбілқайыр Сқақовтың IT қоғамдастығымен кездесуінде Дәурен Төлебаев таныстырды. Оның айтуынша, жоба барлығына Илон Маск болуға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, барлық елді мекендерде бұл үшін алғышарттар жоқ.

– Мектепте технология бар екені анық, ең бастысы – өз бетінше білім алу. Пандемия ауыл тұрғындарының 21 пайызының үйде өздігінен оқуға мүмкіндігі жоқ екенін көрсетті. Статистикаға сүйенсек, жыл сайын штаты 100 адамнан тұратын компаниялар 15-20 ноутбукты есептен шығарады. Біз қолданудан шыққан техниканың барлығын алып, жөндеп, жетілдіріп, дарынды балаларға береміз, - деді Дәурен Төлебаев.

Сондай-ақ жобаға жабдықты жөндеу бойынша волонтер ретінде қатысуға болады. Дәурен Төлебаевтың айтуынша, кезінде «Kazdream» компаниясы «пайдаланылған» компьютерлерде құрылған.

Бірақ басты жаңалық Павлодарда бірінші цифрлық технология бойынша орта мектептің ашылуы болды. «Skillset» цифрлық технологиялар мектебінің директоры Қанат Қожахметтің айтуынша, 1-11 сынып аралығындағы балаларды оқытатын мектепте тек орта білім туралы аттестатқа қол жеткізіп қоймай, тәжірибеден өтуге, үздік университеттерде оқуға және мектеп бітірген соң IT саласында жұмыс істеуге болады.

Идея бойынша оқыту қиындық деңгейлері бойынша 1-4, 5-6, 7-9 және 10-11 сыныптарға бөлінеді. Соңғы кезеңде үздік қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарына түсуге дайындық жүргізіледі.

Облыс әкімі бастаманы қолдап, жобаны жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетуге уәде берді.

- Біз қолдаймыз. Сондай-ақ көмек көрсету үшін демеушілер мен меценаттармен сөйлесе аламыз. Өйткені, Президентіміздің өзі осындай мектеп құру керектігін айтып отыр. Бұл да цифрлық саладағы жайлы мектеп болмақ, - деді Әбілқайыр Сқақов.

Жаңа мектеп жаңа технологиямен жабдықталған, жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. Мұғалімдердің көпшілігінің NIS, BINOM, РФММ және басқа мектептерде тәжірибесі бар.

Еске салайық, Павлодарда әлемге танымал ІТ маманы, 5518 Studios компаниясының негізін қалаушы Максим Михеенко оқушылармен және студенттермен кездесуде.

Қазір оқып жатыр

«Ақ жол» Respublica-ға: Біз беделді сөзбен емес, іспен жинадық

.

Елордадағы Бас мешіт енді «Нұрсұлтан мешіті» деп аталады

.

Ақтөбеде белгілі тұлғаларға тиесілі бірегей домбыралар таныстырылды

.

Олжас Құспеков кейбір экс-депутаттарды «декоративті пониге» теңеді

Олжас Құспеков