USD
USD
USD

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды.

Павлодарда мұнай-химия зауытының директоры ұсталды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. Оспанбек Әлсейітовке сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деп айып тағылған.  Бірақ жақындары оған жазықсыз жала жабылғанына сенімді. Әлсейітовтің ұлы тергеушілердің қолында әкесінің кінәлі екенін дәлелдейтін айғақ жоқ екенін, оған қарсы қылмыстық іс ойдан шығарылғанын мәлімдеді. Бұл қызметке 2017 жылдың 22 желтоқсанында тағайындалғанына қарамастан, оны 2018 жылдың 3 қаңтарында қоспаларды жеткізу келісімшартына қол қойған деп айыптап отыр екен. Ұлының айтуынша, бұл құжаттар Оспанбек Әлсейітов «Қазмұнайгазда» жұмыс істеген кезде қабылданған.

«Ақпанның 7-і күні әкемді ақша жымқырды деген күдікпен ұстап, ал кеше 8-і күні айғақсыз екі айға қамауға алды. Біз мұндай заңсыздықты бұрын-соңды көрген емеспіз. Біз тағылған айыптың барлық дәлелдерін келтірдік. Бірақ экономикалық тергеу басқармасының тергеушісі Асылхан Асан оларды елемейді. Менің әкем адал және ол тағылған айыптарды ешқашан істеген емес. Сізден барлық қажет шараларды тез арада қабылдап, әкемнің абыройын қалпына келтіруіңізді сұраймын!», – дейді Әлсейітовтың ұлы Сұлтан Оспанбек. 

Қазір оқып жатыр

Alatau City жобасына Еуропа елдерінен инвесторлар тартылмақ

Делегация Алатау сити

Болат Өтемұратов OLX Қазақстанды 81 миллион долларға сатып алды

Болат Өтемұратов

Ташкентке жарысқа барып, ауруханаға түскен жас футболшылар елге оралды

Ташкентте емделген футболшылар мен дәрігерлер, елшілік өкілдері

Павлодар колониясында 12 жылға сотталған жігіт өлі күйінде табылды

рақымшылық