USD
USD
USD

Павлодарда мектеп маңын торуылдаған әйелше киінген ер адам ұсталды

26 мамырда әйел көйлегін киген ер адам Павлодардағы №43 мектептің қоршауынан аулада ойнап жүрген балаларды сырттай бақылап тұрған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодарда мектеп маңын торуылдаған әйелше киінген ер адам ұсталды
Фото: NEGE.kz

Павлодар, NEGE. Бұл туралы ақпарат  Instagram-дағы Павлодар Жалобы парақшасында жарияланды. 

Сағат 16:35-де мектеп маңынан біртүрлі адам жүр делінген ақпаратта. Жазба авторы полицияға хабарласуға тырысқанымен, бірақ оның айтуынша, желі үнемі бос болмапты. 

Қала полициясы болған оқиғағаға қатысты түсініктеме берді.

"2023 жылы 25 мамырда сағат 17:45 шамасында Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері №43 орта мектептің жанынан 1970 жылғы ер адамды ұстады, ол Павлодар қаласында тұрады. Оның жеке басы анықталды. Ер адам полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді",- деп хабарлайды Павлодар облысының ПД баспасөз қызметі.

Полицейлер әңгіме барысында ер адам өзін біртүрлі ұстағанын атап өтті. Сондықтан медициналық бригада шақырылып, ол ауруханаға жатқызылды.

Қазір оқып жатыр

Алматы 265-орында: Қазақстанның үш қаласы әлемдік рейтингке енді

Алматы

Нақты дерек пен қауесет: Almaty Superski жобасына қарсы шыққан «экобелсенділердің» уәжі неге сенімсіздік тудырады?

Almaty Superski бойынша өткен баспасөз мәслихаты

КҚК-ға жасалған шабуылдардың салдары Қазақстан экономикасына қалай әсер етті?

КТК

Акция анда-мында. ERG НЕГЕ 1,7 триллион теңгеге бағаланды?

ERG