USD
USD
USD

Павлодарда мас болып көлік жүргізген мектеп директоры 15 күнге қамалды

Іс материалдарынан 2023 жылдың 15 қыркүйегінде ауыл мектебінің директоры көлікті мас күйінде жүргізгені белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Павлодарда мас болып көлік жүргізген мектеп директоры 15 күнге қамалды
Фото: NEGE.kz

Алматы, NEGE. «Сот отырысында құқық бұзушы сол күні алкоголь ішімдік ішпегенін түсіндіріп, кінәсін мойындамады. Жүргізушінің соттағы сөздерін сот-медициналық сараптама қорытындысы, шенеуніктің түсініктемесі және полицей төсбелгісіндегі бейнежазба жоққа шығарды» деп хабарлады Павлодар қалалық әкімшілік мамандандырылған сотының баспасөз қызметінен. 

Сот қаулысымен құқық бұзушы Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 608-бабының 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды.

Ол 15 тәулікке қамау және 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айыру түріндегі әкімшілік жазаға тартылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Қазір оқып жатыр

Қазақстан соңғы 15 жылдағы ең мол астықтың бірін жинады

Астық

Қазақстан ірі халықаралық букмекерлік компанияның иелеріне іздеу жариялады

.

Көкшетауда бір ай бұрын әріптесінің мәйітін тапқан сот қызметкерінің өзі өлі табылды

Жол апаты

Семейде сот ғимаратының алдында өзін өртеген ер адам көз жұмды

Абай облысы соты